KZ
Өскемен
+6°
туман Штиль
443.03 480.38 4.91

Қазақстандық телеарналар Әзербайжанда хабар таратады

10.04.2023, 19:33 211 Мадина Амангелдіқызы

Алдағы уақытта Қазақстанның телеарналары Әзербайжанның кабельді операторлары арқылы хабар таратады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Altaynews сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізген болатын. Брифинг барысында екі ел арасында ынтымақтастықты дамыту мәселелері жайлы айтылды.

«Біздің гуманитарлық байланыстарымызды тереңдету де екі елдің жастары арасындағы байланыстарға сеп болады. Біз жастар саясаты және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша тараптар қабылдаған қадамды қолдадық. Бейінді министрліктерге академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етуге барынша жәрдемдесу, бірлескен білім және ғылыми жобаларды ұйымдастыру тапсырылды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы арасындағы Ғылыми ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын еске салып өтті.

«Сондай-ақ келіссөздер барысында әзербайжандық кабельді операторлар желісінде қазақстандық телеарналар хабарын тарату уағдаластығын жүзеге асыру маңыздылығы аталып өтілді», деді Президент.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив