KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
486.44 534.31 5.06

Шығысқазақстандық жас суретшінің көрмесі өтті

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханадан
А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханадан
26.05.2024, 17:00 271 Назерке Каримова

8-сыныпта оқитын Дария Дидарқызы түрлі сурет байқауларына қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.

Мәселен, былтыр Астана қаласындағы 3500 жұмыс қабылданған сайыста 3-орынды қанжығалап қайтқан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жақында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана қабырғасында жас суретшінің «Бәйшешек» деп аталатын көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты - дарынды жас суретшіні көпшіліке таныстыра отырып, талантын ұштау, рухани қолдау білдіру. Көрмеге әдемілікке, әсемдікке жаны құмар Дарияның өзі сүйіп бейнелейтін табиғат ғажайыптары және тағы да басқа суреттері қойылды.

Дария Дидарқызы №45 бейімделген орта мектебінің 8-сынып оқушысы. Кішкентайынан сурет салуға құмарлық танытып, үйде салған портреттерімен таң қалдырып жүретін Дария көпбалалы жанұяның бесінші перзенті. Жас суретшінің отбасында бұрын суретшілер болмаған.

Ол өңірімізге белгілі суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Құдаш Нұрсадықовтың «SURET STUDIO» сурет мектебіне 2021 жылы 12 жасында қабылданып, екі жылдан артық уақыттан бері тәлім алып келеді.

2023 жылы Астана қаласында Халықаралық әйелдер күніне арналған 3500 жұмыс қабылданған сайыста жүлделі 3-орынды иеленеді. Жюри мен келген қонақтар Дарияның шығармашылық туындысына ерекше бағасын берген.

- Дарияның суреттерінің ерекше техникасы бар және суреттерін жылдам салады. Әрбір қатысқан сайысынан жүлделі орындар алып, түрлі наградаларға ие болып келеді, - дейді Дарияның жетекшісі. - Дарияның болашағы зор, талантты шәкірт.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив