ШҚО-да ерте темір дәуірінің кен орны табылды
шартты сурет: depositphotos.com
Ұлан ауданындағы Таврия ауылының маңында археологтар шамамен 4 мың жыл бұрынғы қалайы кен орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 24KZ арнасына сілтеме жасап.
Сақ дәуіріне тиесілі олжалармен танымал бұл өлкеде кен орнының табылуы тың тарихи деректерге жол ашып отыр.
Қазба жұмысының жаңалықтары ерте темір дәуірінде Қазақстан аумағында көшпелі өмір салтынан бөлек, егіншілер мен қолөнершілердің отырықшы қауымдары болғанын көрсетеді.
Бүгінде Ұлан ауданында тарихи-мәдени арнайы жасақ құрылды. Жасақтың мақсаты – зерттеу ғана емес, сонымен қатар ашық аспан астындағы мұражайлар ашу арқылы мәдени мұраны сақтау. Алғашқы мұражай Бестерек ауылында өз жұмысын бастап кеткен. Ол келушілер арасында, әсіресе Өскемендегі мектеп оқушылары арасында өте танымал.
Аймақтағы археологиялық зерттеулер Қазақстанды түрлі дәуірлерде мекендеген ежелгі халықтардың тарихы мен мәдениетін терең түсінуге бағытталған. Ендігі жоспар – аймақтағы барлық археологиялық ескерткіштердің жиынтық каталогын құру.