Биыл интернет-алаяқтар 500 миллион теңгені қолды еткен – ШҚО

Фото: depositphotos.com
Жыл басынан бері ШҚО-да интернет-алаяқтықтан келген жалпы шығын 500 миллион теңгеден асты. Облыс киберполицейлері 30-дан астам қылмысты ашып, азаматтарға 50 миллион теңгегеден астам шығынды қайтарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Полиция департаментіндегі Киберпол тобында «бір терезе» қағидаты бойынша жедел уәкілдер, тергеушілер, криминалистер қатар жұмыс істейді. Киберполицейлер тергеуді де жүзеге асырады. Сондай-ақ банктермен тығыз жұмыс істеп, күдікті транзакциялар жасалған шоттарды бұғаттау туралы жедел қаулылар шығарады.
Мысалы, Өскеменнің бір тұрғынына телефон шалған қаскөй «Құттықтаймыз! Сіз автокөлік ұтып алдыңыз! Осы көлікке құжат рәсімдеу үшін мына шотқа алдын ала төлем жіберу қажет» деп айтқан.
Алаяқтардың жүздеген амалы бар және күн сайын жаңа айлалар пайда болуда. Олардың мақсаты – банктік картаңыздың немесе электрондық шотыңыздың деректерін біліп, онда жиналған қаражатты иемдену.