KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Полиция мен банк қызметкерлері интернет-алаяқтық мәселесін талқылады – ШҚО

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

13.09.2023, 10:33 167

8 қыркүйек күні ШҚО ПД басшысы Ерлан Омарбеков пен өзге тәртіп сақшылары өңірдегі 10-нан астам банктің өкілдерімен кездесті.

Жиында интернет-алаяқтықтың алдын алу және оны ашу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ПД дерегінше, бүгінгі таңда қылмыстың 60%-дан астам бөлігін интернет-алаяқтық құрайды. Келген залал мөлшері 600 млн теңгеден асады.

– Талдау көрсеткендей, алаяқтықтың негізгі тәсілі – «сенгіш азаматтарға» айтарлықтай зиян келтіретін ірі көлемде онлайн-несие рәсімдеу. Алдын ала жоспарланған қылмыстық схемаға сәйкес, ақша алуды «дропперлер» жүзеге асырады. Олар өзгенің жеке дерегін пайдаланып, банкомат арқылы қолма-қол ақша шешіп алып, қаражатты ұйымдастырушыларға әр түрлі тәсілдермен береді, – деп жазылған ШҚО ПД хабарламасында.

Кездесу барысында әр қатысушы ұсыныс айтып, интернет-алаяқтықтың алдын алу, аталған қылмыстық істерді тергеу бойынша маңызды мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, аталған факті бойынша азаматтар жүгінген кезде қолданылатын іс-қимыл алгоритмі қабылданды.  

            

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу