ШҚО-да қандай қылмыс түрі ең көп таралған?
Фото: egemen.kz
Өткен 2023 жылдың қортындысы бойынша ШҚО-да мал ұрлығы мен интернет-алаяқтықтың ең көп фактісі тіркелген.
Өткен жылы өңірдегі криминалдық полиция қызметкерлері 30-дан астам мал ұрлығын ашқан. Осылайша жалпы сомасы 400 миллион теңгеден асатын 100-ден астам мал иесіне қайтарылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Десе де 2023 жылы мал ұрлығы фактілерінің саны 38% - ға азайған көрінеді.
Ал, екінші қылмыс түріне келетін болса, әртүрлі тәсілдермен интернет-алаяқтықтың 1100-ден астам фактісі тіркеліпті.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы күрес бойынша "Киберпол" жобасы іске қосылып, өңірде өз жұмысын бастаған.