KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Шығыстың өз "Артегі" болады

Фото: depositphotos.com

29.05.2024, 16:40 79 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстанның лагерьлерінде еліміздің басқа өңірлеріндегі балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру жоспарланып отыр. Пилоттық жоба су тасқынынан зардап шеккен облыстарда тұратын балалардан басталмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Біздің Қазақстан – біртұтас үлкен ел және әр бала өз Отанының барлық өңірін, табиғатының сұлулығын көре алуға тиіс. Біз облысымызға еліміздің түрлі өңірлерінен қонақтардың келуі үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Оны балалардан бастаған жөн. Білім, дене шынықтыру және спорт, туризм басқармалары тиісті бағдарламаны бірлесе әзірлеп, аудан әкімдіктерін, кәсіпкерлерді тарта отырып, биыл іске кірісуі қажет, – деді облыс әкімдігінің мәжілісі барысында аймақ басшысы Ермек Көшербаев. – Болашақта еліміздің Шығысында қазақстандық «Артек» пайда болуы мүмкін.

Облыс әкімі Шығыс Қазақстанның географиялық және климаттық жағдайлары жыл бойы балалардың денсаулығын нығайтуға және оларды сергітуге мүмкіндік беретінін атап өтті, бұл – үлкен артықшылық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив