Самар ауданында заңсыз туристік қызмет көрсететін кәсіпкерлер анықталады
Фото: Тілеубек Шаяхмет
Самар ауданының жағалауы туристер үшін танымал демалыс орны. Бүгінде мұнда 9 мыңнан астам төсек-орынмен қамтылған 54 туристік база бар. Дегенмен, олардың арасында жеке қосалқы шаруашылық ретінде тіркелгендер де бар. Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Махамбетов айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы Ермек Көшербаев аудан әкіміне Шығыс Қазақстан облысының туризм және спорт басқармасымен бірлесіп, жағалау инфрақұрылымын жаңғырту жоспарын әзірлеуді және барлық туристік нысандардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеруді тапсырды.
Сондай-ақ аймақ басшысы Күршім ауданы мен Самар ауданы жағынан жаңа көпірдің алдындағы жағалау аймағын тазалауға қатысты барлық мәселелерді пысықтауды тапсырды.
Айжанат Бақытқызы