KZ
Өскемен
-4°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
495.28 538.32 5.77

Өскеменде Summer Fest жазғы фестивалі өтеді

31.05.2024, 11:09 148 Ержан Әбіш

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы креатив индустрияны дамыту кеңесі жазғы шығармашылық фестивалін ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кеңес төрайымы Аяжан Қайырханқызының айтуынша, облыстың барлық шығармашыл адамдары үшін алаң құрылады.

– Тоғыз бағыт – киноиндустрия, музыка, көркемсурет, киіз басу, ғылым және тарих, туризм, жануарлар әлемі, экологиялық білім, фудкорт қамтылып отыр. Қазақстаннан ғана емес, тіпті Франциядан да танымал шығармашылық тұлғаларды шақыру жоспарланған, – деді спикер.

Креатив индустрияны дамыту кеңесінің жанынан жеті кіші кеңес құрылады. Атап айтқанда, креатив туризм, жастар креативі, орындаушылық өнер, әлеуметтік кәсіпкерлік, қолөнер және халық шығармашылығы, киноиндустрия, бұқаралық ақпарат құралдары бойынша кіші кеңестер.

Отырыста педагогикалық кеңестердің төрағалары бекітілді. Енді кеңестің қызметі кеңейтілді, сонымен қатар аудандарда да өкілдік ашу көзделген. Өйткені дәл осы салада жаңадан бастаған кәсіпкерлерді бағыттайтын ақпарат жеткіліксіз.

Айта кетейік, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының филиалдары облыстың барлық аудандарында бар.

Фото: ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу