Арзан көлік алмақ болған азамат алаяққа алданды – ШҚО

Фото: depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысында шетелден арзан көлік алмақ болған ер адам алаяққа алданып, 2 миллион теңге шығынға батты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды әңгімеге тартқан бейтаныс біреу көлікті көрші елден нарық бағасынан әлдеқайда арзанға алып беретінін айтқан. Бұған сенген азамат сұраған ақшасын берген.
– Осылайша, қулығын іске асырған алаяқ мүлде хабарсыз кетеді. Ал алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға хабарласып, көмек сұраған. Тәртіп сақшылары іздестіру барысында күдіктіні анықтады. Ол Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер ер адамның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Оқи отырыңыз