KZ
Өскемен
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Семейде көлікті жылдам "алып" жылдам сататын алаяқ ұсталды

18.08.2020, 05:15 259

Бесқарағай ауданының 18 жастағы тұрғыны алаяқтық жасап ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ҚР ІІМ-ның ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 12 тамыз күні 49 жастағы Семей қалсының тұрғыны полицияға арызданып, мамыр айының соңында танысына Mercedes-Benz маркалы автокөлігін сатқаны туралы айтқан. Екеуі көлік бағасына келіскен соң, сатып алушы соманы бөліп төлеуге өтініш білдірген, ал сатушы келісім берген. Арада біраз уақыт өткен соң көлікті алған азамат ақша төлемей, тіпті байланысқа да шықпай қойған көрінеді. Алаяққа алданғанын сезген тұрғын тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол Бесқарағай ауданының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, қылмыскер көлікті сатып жіберген. Ал қарызды қайтаратын ойы да жоқ көрінеді, – деп мәлімдеді полиция.

Бұл факті ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив