Жүргізуші куәлігін алмақ болған тұрғындар алаяққа алданды – ШҚО
Өскемен қалалық Үлбі полиция бөлімшесіне Шемонаиха ауданының 22 және 44 жастағы екі тұрғыны жүгінген. Олардың айтуынша, жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деген бейтаныс адам ақшаларын алып, алдап кеткен.
Құжаттарды рәсімдеп беремін деген таныстары бірінен 155 000 теңге, ал екіншісінен дәл солай 590 000 теңге ақша алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсіріді. Ол 35 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе оған екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілетін болады.
Оқи отырыңыз