ШҚО-да пәтер алмақ болған тұрғын алаяққа алданып қалды

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Өскемендік тұрғын мемлекеттік бағдарламамен пәтер алмақ болып, алаяққа алданып қалды.
24 жастағы қала тұрғыны үй алуға көмектеспек болған досына кепіл ретінде 7 миллион теңге ақша берген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Арада сегіз ай өтсе де ақшаны иемденген «досы» уәдесін орындай алмай қалған көрінеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция 22 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.
- Күдікті өз әрекетін мойындады. Оған қатысты“келу туралы міндеттеме” түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 - бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.