Өскемен тұрғыны бір миллион теңгеге куәлік жасатпақ болған

Өскемен қаласының тұрғыны бір миллионнан астам теңгеге жүргізуші куәлігін жасатпақ болып, алаяққа алданды.
38 жастағы әйел адам полицияға шағымданды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жүргізуші куәлігін жасатпақ болған ол танысына 1 240 000 теңге берген.
«Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Шемонаиха ауданының 54 жастағы тұрғыны», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазір қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз