KZ
Өскемен
-3°
снег жел 2 м/с, Ю
517.66 606.49 6.44

ШҚО жастарының 4 млрд теңге қарызы бар

pexels.com

8.06.2024, 15:00 218 Назерке Каримова

Өңірдегі студенттер арасында анонимді сауалнама жүргізілген.

Өңірдегі 7 мыңға тарта жас банктер мен түрлі қаржы орталықтарына жалпы сомасы 4 млрд теңге қарыз екен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі аппаратының жетекшісі жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен жастар ұйымдары басшыларымен кездесу барысында айтты.

- "Агрессивті несие алу" басшылық тарапынан анонимді сауалнама өткізуге мәжбүрледі. Сауалнама үш ЖОО мен 36 колледжде өткізілді. Соған сүйенсек, 18-25 жас аралығындағы 7 мыңға тарта жастың мойнындағы қарызы - 4 млрд теңгеге жеткен. Олардың түрлі банктер мен қаржы орталықтарының алдында берешегі бар. Сауалнама көрсеткендей, балаларының қарыз алғанын ата-аналары білмейді, - деді аппарат басшысы Ербол Нұрғалиев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу