KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да борышкерлердің мемлекетке 1,8 млрд теңге қарызы бар

17.05.2019, 04:15 178

Шығыс Қазақстанда 179 заңды тұлға мемлекетке 1,8 млрд теңге қарыз. Облыстық прокуратура осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы сот орындаушыларының мемлекет пайдасына қаражат өндіру жұмыстарына тексеру жүргізіп, бірқатар олқылықтарды анықтаған.

Әсіресе сот орындаушыларының борышкерлерге елден тыс аумақтарға шығуына шектеу қоймауы жиі орын алған.

Мысалы, мемлекет алдында 5 млн теңге берешегі бар 17 тұлғаның банк шоттарына тыйым салмауы салдарынан борышкерлер өздерінің есепшоттарынан 27 млн теңге  алған.  Ал  елден тысқары шықпауы тиіс 7 борышкер мемлекеттік шекарадан 38 рет өткен. 584  борышкер  берешегі бола тұра, еңбекақысын еш кедергісіз алып келген. Салдарынан мемлекетке өндірілетін 25 млн теңге өтелмей қалған.

«Көп жағдайда сот орындаушылары борышкер кәсіпорындардың иелігіндегі мүлік туралы мәліметтерден хабарсыз болғаны анықталды.  Яғни, борышкерлердің тіркеу орнына бас сұқпаған. Қазіргі кезде 179 заңды тұлғаның мемлекет алдында 1,8 млрд теңге берешегі бар» - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Әсел Момынжанова.

 Аталған олқылықтарға жол берген 17 сот орындаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2 сот орындаушысының лицензиясын тоқтату туралы Әділет министрлігіне ұсыныс жолданған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу