«WorldSkills Shygys – 2024» кәсіби шеберлік чемпионаты мәресіне жетті (видео)
Жарыс жеңімпаздары осы жылдың қараша айында Астанада өтетін «WorldSkills Kazakhstan – 2024» республикалық біріншілігіне қатысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Үш күнге созылған чемпионат барысында қатысушылардың жұмысын жергілікті кәсіпорындардың жетекші мамандары мен өндірістік оқыту шеберлері бағалады. Сайыс қорытындысына сәйкес 33 жұмысшы мамандық бойынша жеңімпаздар анықталды. Дәлірек айтқанда, сынға түскен барлығы 11 колледждің студенттері арасынан 33-і жеңімпаз атанды. Ал командалық есепте бірінші орынды Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің командасы иеленсе, екінші орынды Өскемен жоғары политехникалық колледжінің жастары еншіледі. Үздік үштікті Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі мен Риддер колледжі қатар түйіндеді.
Айта кетейік, бүгінде «World Skills» жобасын өткізудің маңызы зор. Өйткені жоба аясында білімін жетілдіретін техникалық мамандықтарға күн сайын сұраныс артып келеді.