Шығыста «WorldSkills Shygys» чемпионаты басталды
Облыс орталығында «WorldSkills Shygys» кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Үш күн бойы өтетін чемпионатқа 33 жұмысшы мамандық бойынша 140 үміткер қатысып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «WorldSkills Shygys» чемпионатының мақсаты жұмысшы мамандықтардың беделін көтеріп, сұранысқа ие мамандар даярлау.
Бүгінгі таңда «World Skills» жобасын қайталап өткізудің маңызы зор. Өйткені жоба аясында білімін жетілдіретін техникалық мамандықтарға күн сайын сұраныс артып келеді. Биылғы чемпионатқа қатысушылардың арасында колледж студенттерінің қатары көп екенін көрдік.
Осылай үш күн бойы жұмысшы мамандық иелері сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтамақ. Ал чемпионат барысында әр мамандықтың маңызды екендігі түсіндірілмек.
Шұғыла Манафья
Фото: Аяужан Утеулинова