KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

«Worldskills Shygys 2023» аймақтық чемпионаты өтіп жатыр – ШҚО

Фото: gov.kz

25.04.2023, 10:55 272

ШҚО-да 24-28 сәуір аралығында WorldSkills Shygys аймақтық чемпионаты өтеді. 
Байқауда қатысушылар 30 қабілет және 6 бағыт бойынша жарысады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық білім басқармасы аймақтық кәсіпорындармен бірлесіп арнайы орталықтар мен жетекші колледждер базасында «WorldSkills Shygys» аймақтық чемпионатын ұйымдастырған. Байқау 30 негізгі машық және құрылыс, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, шығармашылық және дизайн, өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету және көлік саласы сынды 6 бағыт бойынша өткізіліп жатыр. 
Чемпионат өңірде 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. 2016 жылы 6 машық бойынша 7 адам жарысса, биылғы сайысқа 120-дан астам адам қатысып отыр. Жарысқа колледж студенттері мен түлектер, еңбек жолын енді бастаған жастар қатысқан. 
Чемпионатқа төреші ретінде кәсіпорындардың жетекші мамандары, өндірістік оқу шеберлері шақырылған.
Аймақтық чемпионат жеңімпаздары маусым айында Астана қаласында өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2023» ұлттық чемпионатында облыс құрамасы атынан шығады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив