ШҚО-да мобильді топтар аймақтағы өрт қауіпсіздігін бақылауда
ШҚО ТЖД
Облыста азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен мобильді топтар құрылған.
279 адамнан тұратын 50 бірлескен мобильді топ 381 рейд жасап, заң бұзған 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандары атап өткендей, облыста көбінесе ашық жерлерде және саяжай қоғамдастықтарына жақын аймақтарда шөп өрті жиі тіркеледі. Бұған қауіпсіздік ережелеріне салғырттық себеп болады.
Осы орайда ШҚО ТЖД даладағы шөпті және қоқысты қауіпсіздік ережелерін сақтамай өртегендер әкімшілік жауапқа тартылатынын еске салады.