KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғандар жауапкершілікке тартылды – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

17.08.2023, 09:35 166 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да әлі де төтенше өрт қаупі сақталады. Қазіргі күні ТЖД аумақтық бөлімшелері жоғары дайындық режимінде. Дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс істейді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ШҚО ТЖД мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ТЖД мамандарының айтуыша, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірде Азаматтық қорғаныс күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және ЖАО қатарынан 270-тен астам адамнан тұратын 46 бірлескен мобильді топ құрылған. Мобильді топтар жүргізген профилактиканың арқасында 973 рейдтік іс-шаралар шеңберінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 56 жағдай анықталды. Ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке 29 адам және айыппұл түрінде 27 азамат тартылды.

- Облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру үшін 44 өрт сөндіру бекеті, 935 адам саны бар 114 ерікті өртке қарсы құралым, 28 өрт сөндіру бірлігі және 145 бейімделген техника құрылды, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да биыл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда орман өртінің саны артқанын хабарлаған болатынбыз.

ШҚО ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Өрт анықталған жағдайда дереу 101 және 112 арнасына хабар беріңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив