KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 5 м/с, З
439.43 473.31 4.82

ШҚО-да өрт қауіпті кезеңде 4 адам әкімшілік жауапқа тартылды

ШҚО ТЖД

27.04.2024, 12:00 67 Назерке Каримова

Облыста өрт қауіпті кезең басталғалы 100-ден астам шөп пен қоқыс өрті тіркелді.

Барлық жағдайда азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт қарауы себеп, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

- Өңірде өрттің алдын алу үшін өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы органдар, полицейлер, орманшылар - барлығы 239 адамнан тұратын 40 мобильді топ құрылды, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Мобильді топтар өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап 58 профрейд өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған 2 адам "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 410-бабы бойынша және 2 адам 336-бабы бойынша жауапқа тартылды.


ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті табиғатқа және саяжайға баратын тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді:

- ашық жерде болғанда шөпті өртемеңіз

- орман аймағында от жағуға болмайды

- балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың зияны туралы түсіндіру

- жолда сөндірілмеген темекі тұқылфн көлік терезесінен лақтырмаңыз

- өрт шықса, дереу «101» және «112» телефондары арқылы хабарлаңыз

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив