Өрт қаупі: ШҚО-да 50 мобильді топ құрылған
шартты сурет: depositphotos.com
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 279 адамнан жасақталған 50 бірлескен мобильді топ құрылған. Оның құрамына азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіріп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мобильді топтар 129 рейд жүргізіп, 30 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
– Биылғы өрттің қауіпті кезеңі басталғалы бері 0,2 га алқапта бір орман өрті тіркелді. Бұл былтырғымен салыстырғанда бес есе аз. Сондай-ақ 25,4 га алқапта жеті дала өрті болды, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 есе аз, – деді мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Оқи отырыңыз