KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

Азаматтық авиация академиясын шығысқазақстандық 15 түлек тәмәмдайды

19.06.2024, 14:32 125 Ләззат Қанатқызы

Бүгінде елімізде авиация мамандары тапшы. Қосымша кадрларға деген қажеттілік 1600 адамды құрап отыр.

Авиация саласын таңдап, қолына диломын алғаннан кейін жас маманның туған жеріне оралуы да осы орайда өте маңызды. Себебі қазіргі уақытта облыс басшылығы төтенше жағдайлармен күресу үшін және туризмді дамыту мақсатында шағын авиацияны дамытуға үлкен көңіл бөлуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімі Ермек Көшербаев ҚР Азаматтық авиация академиясының ректоры Бекен Сейдахметовпен және ұшқыштар кафедрасының меңгерушісі Ербол Оспановпен кездесуінде айтты.

Биыл Азаматтық авиация академиясын шығысқазақстандық 15 түлек тәмәмдамақ. Шығыстан шыққан тағы 29 бала оқуын әлі де жалғастыруда.

Азаматтық авиация академиясында жүзеге асырылып жатқан тағы бір ерекше жоба - ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) мамандарын даярлау факультетінің ашылуы.

Аппарат Шығыстың  күрделі табиғи ландшафтын ескере отырып таулы жерлер мен орман алқаптарында орман өрттерін мониторингтеуде өте тиімді қолданылады. Сол себепті бүгінде кадр қажеттілігі туындап отыр.

Аймақ басышы кездесу барысында Зайсан қаласындағы әуежайды қайта жаңарту және Катонқарағайда әуе айлағын салу жоспарларымен бөлісті.

- Авиация-бұл экономиканың айнасы. Сондықтан алдағы уақытта біз осы бағытты дамытпақпыз, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Кездесуге қатысушылар өңірде шағын авиация колледжін ашу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ академия оқытушылар құрамын қамтамасыз етуге, оқыту бағдарламасын жолға қоюға жәрдемдесуге дайын екендіктерін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив