Көлікті қайта тіркеу процесі жеңілдеді
"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ ШҚОФ
Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын.
Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR–код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айта кету керек, бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкіметке» тиесілі. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін және көлік құралдарын тіркеу кезінде сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында енгізілді. Енді Мемлекеттік корпорацияның, ҚР ІІМ және "ҰАТ" АҚ ақпараттық жүйелерінің ықпалдасуының нәтижесінде автокөлікті қайта ресімдеу процесі ашық болады. Мәмілені тіркеу кезінде жалған қол қою мүмкін емес.
Осы тұста, көлік құралдарын қайта рәсімдеу кезінде мәміленің қағаз түріндегі жазбаша нысанын қабылдау ағымдағы жылдың 23 сәуірінде ҚР ІІМ көлік құралдарын тіркеу және есепке алу Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендіктен жойылғанын естеріңізге сала кетейік.