KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Ресейден жеткізілген 28 тонна бананнан құрт анықталды

Фото: Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

3.07.2024, 09:30 76 Айжанат Бақытқызы

Қырғыз Республикасымен шекаралас Қарасу (Жамбыл облысы) фитосанитариялық бақылау бекетінде карантиндік бақылау жүргізу кезінде Ресейге жөнелтілген қара өрікте карантиндік объект – Комсток құрты анықталды. Бұл факт зертханалық сараптаманың қорытындысымен расталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ақпаратынша, жалпы салмағы 19 200 кг барлық залалданған өнім экспорттаушы ел – Қырғыз Республикасына қайтарылды, сондай-ақ өнім өкіліне қатысты айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды.

Сондай-ақ бұған дейін карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының инспекторы Ресейден әкелінген 28 тонна банан партиясынан Шығыс ұнтақты құрты табылды. Осы факт бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, құжаттар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді. Сот шешімімен банан тоңазытылды (зарарсыздандырылды).

Комсток құрты Шығыс ұнтақты құрты сияқты өсімдіктердің көптеген түрлерін зақымдауға қабілетті. Мәселен, алмұрт, алма ағашы, анар, шабдалы, жүзім, тұт, терекпен қатар қызылша, сәбіз, картоп сияқты көкөністерді де зақымдауы мүмкін.

– Аталған зиянкестер қауіпті карантиндік объектілер болып саналады, сондықтан оларды уақытында анықтау, оқшаулау және жою маңызды. Карантиндік нысандардың таралуы ауыл шаруашылығына зиян тигізуі мүмкін, – деп хабарлады мемлекеттік инспекция комитеті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу