KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да 8 адам кене энцефалитіне шалдықты

Фото: depositphotos.com

9.07.2024, 14:44 140 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында 8 адам кене энцефалитіне, тағы 4 тұрғын боррелиоз ауруына шалдықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Бұл екі инфекция да кенеден тарайды. Зиянды жәндік шаққан жағдайда медициналық көмекке жүгінбесе, адам мүгедек болып қалуы мүмкін.

Қазір боррелиоз бен энцефалитке шалдыққан науқастардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, олар дәрігерлердің бақылауында.

Арнайы вакцина салынған соң амбулаториялық режимде ем қабылдауға жіберілді. Аймақта биыл көктемнен бастап 3 мыңнан астам адамды кене шаққан. Зиянкестен тек Өскемен қаласында 1500 адам зардап шеккен. Риддер мен Алтай аудандарында да биыл кене көп.

Атап өтерлігі, өңірде 3 мыңға жуық адам кенеге қарсы иммуноглобулин вакцинасын салғызып алған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив