ШҚО-да 14 адам кене энцефалитіне шалдықты
ШҚО аумағында 14 адам кене энцефалитіне шалдықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ШҚО Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау департаменті мәлімдеді.
Күн суып кетсе де, кене шабуылынан әлі де сақтанған жөн екен. Себебі, кененің белсенділік танытатын маусым жылына екі рет келеді: бірі мамыр айының орта кезәнен басталып маусым айына дейін созылады, екіншісі тамыз-қыркүйек айларына түседі.
Департаменттің мәліметтері боййынша, биыл ШҚО-да 4209 адамды кене шаққан: Өскеменде 1511 адам, Риддерде – 806, Алтай қаласында – 591, Глубокое ауданында – 309, Шемонаиха ауданында – 251.
Сондай-ақ кене энцефалитіне шалдығу бойынша 14 жағдай тіркелген.