KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
475.62 519.23 5.52

Самардағы тозған балалар ойын алаңдары жөнделуде

Самар ауданы әкімдігінен

13.07.2024, 11:00 126 Назерке Каримова

Балалар ойын алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Самар ауданы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Самар ауылының аумағындағы "Абай" алаңында және аэропорт ықшам ауданында орналасқан балалар ойын алаңдарын жөндеу жұмыстары басталды.

Түрлі ойын, жаттығу құрылғыларына және айналасындағы адамдар отырып дем алатын орындықтар мен қоршаулары жөнделмек.

- Ауыл тұрғындарының жайлы өмірін, ауылымыздың таза әрі көркем келбетін қалыптастыру жолында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Азаматтарымыз мемлекет қаржысымен игеріліп, халық игілігіне берілген нысандарды қорғауы, сындырып, бүлдіретін басбұзарлыққа жол бермеуі керек, - деп ескертті әкімдіктегілер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив