Самар ауылындағы ойын алаңы қайта балалар игілігіне берілді
Таунар Қайрат
Ауылдағы былтыр күзден бері жабық тұрған бастауыш мектеп ауласында балалар ойын алаңы болған.
Апаттық жағдайдағы мектеп жөндеуге жабылғандықтан, ауласындағы балалар ойын алаңына да кіруге тыйым салынған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алайда күні кеше балалар ойын алаңы қайта пайдалануға берілді.
Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Мұхаметқанұлы Самар ауылдық округінің әкіміне ойын алаңының есігін басқа жағына орнатып, ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын.
Бір апта ішінде округ әкімі Марат Ержанұлы Самар шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, жөндеу жұмыстарын аяқтап, ойын алаңын пайдалануға берді.
Ал бастауыш мектеп былтыр күзден бері апатты жағдайда деп танылып, жұмысын тоқтатқан. 1957 жылдан бері жөндеу көрмеген білім ошағының 2013 жылы шатыры ғана ауысқан. Одан басқа жөндеу жүргізілмеген. Былтыр ШҚО әкімі білім ошағына күрделі жөндеу жүргізуге тапсырма берген.