Самар ауданында тозып, пайдаланылмай тұрған спорт алаңдар қайта жаңғырды
Самар ауданының Құлынжон және Көкжыра ауылдарындағы футбол алаңының тозығы жетіп, қараусыз тұрған.
Екі ауылдағы футбол алаңы бірнеше күнде жөндеуден өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Самар ауданы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Жастардың спортпен шұғылданып, бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып жатыр.
- Мердігер "Bit" жеке кәсіпкерлігі атқарған жұмыстардың нәтижесінде футбол алаңы жаңарып, ауыл ажарын аша түскендей. Жөндеу жұмыстары маусым айының аяғында басталып, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, - деп хабарлады Самар ауданы әкімдігі.
Оқи отырыңыз