Самар ауданының төрт ауылында балалар ойын алаңы салынады
Шартты сурет: inside-lighting.ru
Еліміздегі аудандар мен ауылдарды дамытуға соңғы жылдары ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы орайда қайта құрылған Самар ауданында биыл бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ.
Биыл Самар ауданының Құлынжон, Раздольное, Жаңажол және Көкжыра ауылдарында балалар ойын алаңы салынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Құлынжон ауылында 14,0 миллион теңгеге, Көкжыра ауылында 14,0 миллион теңгеге, Жаңажол ауылында 8,5 миллион теңгеге, Раздольное ауылында 8,5 миллион теңгеге ойын алаңы салынады, – деді баспасөз брифингі барысында Самар ауданының әкімі Нұрлан Махамбетов.
Сонымен қатар ол өз баяндамасында биыл аудан орталығындағы Самар бастауыш мектебіне, «Дәншік» бөбекжай – балабақшасына, Міржақып Дулатов негізгі мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.
Оқи отырыңыз