ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Нұрлан Махамбетов Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Махамбетов Нұрлан Мұхтарұлы 1965 жылы 25 қаңтарда Қостанай облысы, Боровской ауданы, Ивановка ауылында дүниеге келген.
1989 жылы Қызыл Жұлдыз орденді Ленинградтағы жоғары зениттік-зымырандық командалық училищесін «Әуе шабуылына қарсы командалық тактикалық әскерлер» мамандығы бойынша бітірді, радиотехникалық құралдарды пайдалану жөніндегі инженер.
2019 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, «Құқық бакалавры» дәрежесін алды.
1989 жылдан 2019 жылға дейін Қарулы Күштерде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2020 жылдың желтоқсанынан бастап Серебрянск қаласы әкімінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды. 2023 жылдың сәуірінде Самар ауданының әкімі болып тағайындалған.