KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Самар ауданына жаңа әкім тағайындалды – ШҚО

28.04.2023, 14:00 538 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданына Нұрлан Махамбетов әкім болып тағайындалды.

Жаңа басшыны аудан активіне облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Сматлаев таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Нұрлан Мұхтарұлы 1965 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ивановка ауылында дүниеге келген. Ленинград жоғары зениттік-зымыран командалық училищесінде, сондай-ақ Қазақстан-Америка еркін университетінде «Құқықтану» мамандығын бойынша білім алған.

2019 жылға дейін әртүрлі әскери бөлімдерде қызмет атқарды. 2020 жылдан бастап Алтай ауданы Серебрянск қаласының әкімі болып жұмыс істеді. Жалпы жұмыс өтілі 33 жыл. 

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусым айында Самарға аудан мәртебесі қайтарылды. Жаңа әкімнің алдында инфрақұрылымды, әлеуметтік, аграрлық және туристік салаларды дамыту бойынша ауқымды міндеттер тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу