ШҚО-да кеше түнде жер сілкінді
pixabay.com
Жер сілкінісінің эпицентрі Үлкен Нарын ауданында.
Өскеменде 2-3 балдық дүмпулер сезілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 02 тамыз Астана уақытымен 23 сағат 15 мин жер сілкінісін тіркеді.
- Жер сілкінісінің эпицентр Алматы қаласынан 859 км Солтүстік-Шығысқа қарай Қазақстан аумағында орналасқан (ШҚО, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын елді мекені, 70 км, Өскеменнен 224 км). Эпицентр координаталары 48.665º с.е. 84.840º ш.б. Тереңдігі 10 км, - делінген хабарламада.
Өскемен қаласында 2-3 балдық жер асты дүмпулері сезілген.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Оқи отырыңыз