Тарбағатай ауданында таңға жуық жер сілкінді
Google maps-тағы сілкініс ошағының скриншоты
Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 маусымда Астана уақытымен 03.56-да жер сілкінісін тіркеген.
Жерасты дүмпулері Тарбағатай ауданында басталған.
- Жер сілкінісінің координаттары: 47.15 с.е. 83.56 ш.б. Жер сілкінісі ошағы Қазахстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 683 шақырым жерде орналасқан, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Оқи отырыңыз