Өскеменде селфи жасамақ болған әйел көпірден құлап кетті
Фото: depositphotos.com
Өскеменде селфи жасамақ болған 33 жастағы әйел көпірден құлап кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны әлеуметтік желідегі парақшасы үшін әдемі сурет түсіргісі келіп, көпірден суға құлап кеткен.
– Оқиға 5 тамыз күні сағат 22.30 шамасында Крылов көшесінде болды. Полицейлер мен құтқарушыларға Үлбі көпірінен әйелдің құлап кеткені туралы хабар түсті. Алайда мамандар келгенше әйел өз күшімен жағалауға шыққан, – делінген ақпаратта.
Әйел адамның денсаулығы мен өміріне еш қауіп жоқ. Тәртіп сақшылары оны дәрігерлерге тапсырды.
Оқи отырыңыз