KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да әйел адам екінші қабаттан құлап кетті

8.08.2019, 03:37 228

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында әйел адам екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әуелде әлеуметтік желілерде әйел адамның әдейі секіріп кеткені туралы хабар тараған болатын. Пәтерде жалғыз қалған балақайға көмек қажет деп те жазылып жүрді. Алайда полиция қызметкерлері бұның оқыс орын алған қайғылы жағдай екенін растап отыр.

– Оқиға 2 тамызда күні болды. Анасы мен ұлы бірден ауруханаға жеткізілген болатын. Ауыр жарақат алған әйел әлі күнге дейін ауруханада, ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Ал балақайды бастапқыда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырмақ еді. Бірақ қазір әжесінің қолында, – деп  мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу