Ауыл аманаты: ШҚО-дағы 24 ауылда жұмыссыздық толық жойылды
Фото: depositphotos.com
«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқасында Шығыс Қазақстандағы 27 ауылда атаулы әлеуметтік көмек алатындар азайды. Яғни, бірқатар ауыл тұрғынының әл-ауқаты көтеріліп, аз қамтылғандар қатарынан шығарылған. Сондай-ақ жоба аясында 24 ауылда жұмыссыздық толық жойылып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– 30 жылдың ішінде ауылда жұмыссыздықты нақты жою – ең үлкен жетістіктердің бірі, – деді Шығыс Қазақстанға келген Премьер-министр кеңесшісі Ералы Тоғжанов.
Ол ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасының нәтижесін бағамдап, мұқтаж ауылдықтарға нысаналы көмек беру жолдарын қарастырды, бағдарлама аясында ашылған және кеңейген нысандарды аралады.
Оқи отырыңыз