KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

«Ауыл аманаты»: биыл мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Фото: ru.freepik.com

10.04.2024, 12:17 123 Ержан Әбіш

ШҚО-да биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға 5631,2 млрд теңге бөлініп отыр, осы қаржыға 1 мың несие беру жоспарланған.

Облыс әкімдігінің мәжілісінде ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Диляра Жылқайдарова «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде былтыр атқарылған және биылға жоспарланған жұмыстар туралы баян етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ауыл халқының әл-ауқатын арттыруды, жұмыссыздықты азайтуды мақсат еткен «Ауыл аманаты» жобасы былтырдан іске асырыла бастады.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында 2023 жылы 213 өтінім бойынша 1 млрд 535 млн теңге мөлшерінде кредит беріліп, 235 жұмыс орны құрылды. Қаражат толық игерілді. Бір кредиттің нақты орташа сомасы 7,2 млн теңге болды. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлер саны 2,3 пайызға артқан, сондай-ақ ірі қара саны 0,8 пайызға, жылқы 0,9 пайызға, қой-ешкі 0,4 пайызға көбейді.

– 2024 жылға бағдарламаны іске асыруға 5631,2 млрд теңге бөлініп, осы қаржыға 1000 кредит беру жоспарланып отыр. Бағдарламаға 105 ауылдық округ, төрт моноқала қатысады. Бір несиенің орташа мөлшері 5,6 млн теңге болады, – деді ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Диляра Жылқайдарова. 

Бағдарламаға жұмсалатын қаржыны мал шаруашылығы (482 жоба), өсімдік шаруашылығы (226 жоба), шағын бизнес, оның ішінде туризм, ет және сүт өндеу, жемшөп өңдеу (292 жоба) салаларына бөлу көзделген. Нәтижесінде 1024 жұмыс орны құрылуға тиіс. 

Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтерін, цехтарды құруға, қолда бар цехтарды жаңартуға назар аударылады. Биылғы жоспарға сай әр аудан кем дегенде екі кооператив құру керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу