KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

ШҚО полицейлері оқ ату жарысына қатысты

16.08.2024, 14:54 114 Ержан Әбіш

ШҚО полицейлері жауынгерлік қарудан оқ ату жарысына қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Жауынгерлік қарудан ату чемпионатына ПД жеке құрамынан және аудандық полиция бөлімдерінен 30-дан астам полицей қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша әйелдер арасынан ПД штаб бастығының орынбасары Жанар Мұхаметжанова үздік атанды, екінші орын – Тарбағатай ауданы ПБ аға криминалисті Сындар Бақтыбаева, үшінші қола орынды сол жағалау ПБ жедел уәкілі Алтынай Нұрланқызы иеленді.

Ерлер арасында бірінші орынды учаскелік аға инспектор Темірбек Хасенов, екінші орынды Өскемен қаласы ПБ кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Медет Жағабаев, үшінші орынды ПД ППБ қызметінің инспекторы Әсет Қалихан жеңіп алды. 

Чемпионат жеңімпаздары грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив