KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
443.37 474.49 4.83

ШҚО-да үздік патрульдік полиция инспекторы анықталды

18.04.2024, 17:52 51 Ержан Әбіш

Өскеменде патрульдік полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында 2024 жылғы «Үздік маман» облыстық байқауы өтті. Іс-шараны жергілікті полиция қызметі басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық және қалалық батальонның, аудандық полиция бөлімдерінің саптық бөлімшелері атынан қатысқан 16 қызметкер қару ату, дене шынықтыру дайындығы, нормативтік-құқықтық актілерді, жол жүрісі қағидаларын білу бойынша сынақ тапсырды. Сондай-ақ жылдам маневр жасау дағдыларын, алғашқы медициналық көмек көрсету, қоян-қолтық ұрыс техникасын меңгеру деңгейін, қозғалыс қарқыны жоғары қиылыстарда қолмен реттеу тәжірибесін көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша ПД ППБ қызмет инспекторы Медет Дәулетханұлы өз мамандығы бойынша үздік атанды. Екінші орынды Өскемен қаласы ППБ қызмет инспекторы Арман Ахметжанов иеленсе, үшінші орын ШҚО ПД ППБ қызмет инспекторы Ернұр Қалқамановқа бұйырды.

Жарыстың жеңімпаздары мен қатысушыларын ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков құттықтады.

Медет Дәулетханұлы алдағы 24-25 маусым аралығында Астанада өтетін ТМД ІІО қызметкерлерінің кәсіби шеберлік байқауына Шығыс Қазақстан атынан қатысатын болады.

Фото: polisia.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив