KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
515.02 604.22 6.5

ШҚО-да «Баланы мектепке даярлайық» акциясы басталды

23.08.2024, 12:06 247 Ержан Әбіш

Amanat партиясының «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында облыстық филиалда балаларға оқуға қажет құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Қадірменді бүлдіршіндер, сіздерге жаңа оқу жылы қарсаңында тек жақсылықтар мен оқуда сәттілік тілеймін. Қазіргі заманның талабы – білім алу. Сондықтан сабақты тек «беске» оқыңыздар. Ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, білімді азамат болып өсулеріңізге тілектеспін, – деді Amanat партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова.

Айта кетейік, «Баланы мектепке даярлайық» акциясы партиялық «Бақытты отбасы» жобасы аясында дәстүрлі түрде өткізіледі. Оның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға балаларын 1 қыркүйекке дейін мектепке дайындауға көмектесу.

– Балаларды мектепке дайындау оңай емес. Қазір барлық дүние қымбат. Біздің отбасымызда қатарынан бес бала мектепке барады. Осындай шаралар үлкен көмек береді, – дейді көпбалалы ана.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу