ШҚО-да 1600-ден астам оқушыға оқу құрал-жабдығы табысталды
Фото: «AMANAT» партиясы ШҚОФ баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысында аз қамтылған отбасынан шыққан 1600-ден астам оқушыға оқу құрал-жабдықтары салынған сөмке табысталды.
Іс-шараны «AMANAT» партиясының өңірдегі филиалы ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Игі шараның негізгі мақсаты – аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға қолдау білдіру. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шараға депутаттар, меценаттар, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері және белсенді партия мүшелері үнемі қолдау білдіріп, демеушілік жасауда», – деді «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангул Жұмаділова.
Бұған дейін «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Баланы мектепке дайындайық!» атты жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы жүргізілген еді.