Глубокое ауданында егістіктің 30%-ы жиналды
pixabay.com
Аталмыш ауданда егін жинау науқаны 15 шілдеде басталған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс орталығында өткен брифингте Глубокое ауданының әкімі егіс алқаптарының жай-күйін мәлімдеді. Айтуынша биыл өткен жылғымен салыстырғанда анағұрлым көп егін жиналатын көрінеді. Қазірдің өзінде диқандар аудандағы 104,5 мың гектар егістіктің 30%ы жинаған.
– Биыл аудандағы егіс алқаптарының 58,2 мың гектарына дәнді дақылдар және 39,2 мың га майлы дақылдар, 5,5 мың га жем-шөп, 1,2 мың га картоп және 0,4 мың га көкөніс өсірдік. Егін жинау науқаны басталғалы 30,5 мың га астық пен 0,4 мың га майлы дақылдар жиналды. Егін жақсы шықты. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл жиналатын астық әлдеқайда көбірек болады, – деді Эльдар Тумашинов.
Оқи отырыңыз