Елді мекендерде егін бітік – ШҚО
![](/kz/uploads/posts/iblock/5a8/5a8a74ff78f7e526713fe7f20502f4eb.jpeg)
Глубокое ауданында егін жинау науқаны жоғары қарқынмен жүріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жалпы бұл ауданда егін жиналатын алқап 103,8 мың гектар:
- дәнді және бұршақты дақылдар 61,8 мың гектар (59,5%);
- майлы дақылдар 34,8 мың гектар (33,5%) оның ішінде күнбағыс 31 мың гектар (29,8%),
- қарақұмық 6,3 мың гектар (6,0%),
- картоп 1,7 мың гектар (1,6%);
- көкөністер мен қауындар 0,32 мың гектар (0,3%);
- Жем-шөп дақылдары 5,4 мың гектар (2,2%).
Биылғы көрсеткіштерге келсек, әзірше дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы өнімі 160 мың тонна болды. Орташа өнімділігі 25,9 ц/га, бұл өткен жылғыдан 7 мың тоннаға жоғары екенін айтуымыз керек.
Сондай-ақ бүгінге дейін 29 мың гектар алқаптан майлы дақыл жиналған. Орташа өнімділігі 20,5 ц/га, бұл өткен жылғы деңгейден 0,8 ц/га жоғары. Бұған қоса диқандар күнбағыстың түсімі 70 мың тоннаға жуықтайда деп топшылап отырған көрінеді. Диқандардың айтқаны дәл келсе, күнбағыстың түсімі өткен жылғыдан 2,2 мың тонна көп болмақ.
– Аудан шаруашылықтарында 350 астық жинайтын комбайн бар, оның ішінде өнімділігі жоғары заманауи комбайндар 160 бірлік. Комбайнға орташа маусымдық жүктеме 290 гектардан аспайды. Жем-шөп жинау үшін 20 жем-шөп жинайтын комбайн және өздігінен жүретін шөп шабатын машиналар, 320 тіркеме шөп шабатын машиналар және 50 пресс-жинағыштар бар, – деп толықтырды аудан әкімі Эльдар Тұмашинов.