KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Жер астында бастысы тәртіп болуы керек - Антон Владимирович

23.08.2024, 16:37 36

Кеншілердің еңбегі ерен. Олар елдің дамып, гүлденуіне өз сүбелі үлестерін қосып, өңірлер экономикасына ерекше серпін береді. Сондықтан кеншінің еңбегі өте жоғары бағалануы тиіс. Жеті қат жердің астына түсіп өндіретін түрлі пайдалы қазбалар адамның күнделікті өміріне қажет.
Шахтаның өзінде көптеген мамандиқ иелері жұмыс істейді. Шахтерлер күні қарсаңында Артемьев шахтасының қызметкері Антон Владимирович Винниченко қауіпті жұмысқа еш тайсалмастан кірісетін кеншілердің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Антон Владимирович өз қызметін 2011 жылы тиеу-жеткізу машинасында (ПДМ) машинист ретінде бастаған. 2012 жылы тау-кен-шахта жабдықтарын жөндейтін слесарь болып ауысса, 2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін тау-кен-шахта жабдықтарын жөндеу сервисінде жұмыс істейді.
Яғни шахтадағы тау-кен жабдықтарын және Артемьев өндірістік тау-кен кешеніндегі жабдықтарды жөндейді. Бүгінгі таңда онда барлығы 62 бірлік техника бар. 
Антонның айтуынша, шахтада жұмыс істеу өте қауіпті, сондықтан қауіпсіздік талаптарын барынша сақтау керек. 

-    Шахтада қандай маман иесі болсаңыз да денсаулыққа зияны тиесін тұстары болады. Сол үшін ережелдің қатаң сақталуын,  жауапкершілік ала білу керектігін, жұмыс барысында өте ұқыпты болып, дүрбелеңге салынбау керектігін және үйде отбасымыз күтіп отырғанын есімнен шығармаймын, жанымдағыларға да солай айтамын, - дейді ол. 

Антон бүгінде үш баланың әкесі. Жұмыстағы қарбаласқа қарамастан ол отбасына үнемі көп уақыт бөлуге тырысатынын айтады. Тіпті жұбайы Маринамен бірге ата-аналар жиналысына, мектептегі іс-шараларға қатысуға тырысатын көрінеді. Балаларын түрлі үйірмелерге апарып, салауатты өмірсалтын ұстануға тәрбиелейді. 

-    Негізі менің екі жоғары білімім бар. Біреуі «технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша қазір жұмыс істеп жатырмын, ал екінші мамандығым - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бұрын спорт мектебінде мұғалім болып жұмыс істегенмін. Алайда, біраз уақыт өткен соң шахтер болуды таңдадым. Осы күнге дейін сол таңдауыма өкінген емеспін, - деді Антон Владимирович.

Қазір Винниченко Антон Владимирович Артемьев шахтасының Артемьев өндірістік кешенінде учаске бастығы. Оның қарамағында шамамен 180 адам бар.

-    Кез келген шахталық мамандық оқу орындарындағы нақты білімді қажет етеді. Алайда биіктерден көріну үшін тек оқу жеткіліксіз, түрлі кезеңдерден өтіп, тәжірибе жинау да керек, - деп атап өтті ол.

Қол еңбегінен қорықпайтын шыңдалған, күшті, стресске төзімді және батыл адамдар ғана кенші бола алады. Басын бәйгеге тігіп, жердің астына үсіп, еңбек көрігін қыздырған кеншілердің еңбегін барынша бағалап жүрміз бе?

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив