KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 0,9 м/с, В
474.26 514.48 5.43

"Халыққа да, кәсіпорынға да тиімді" – Шемонаиха-Семей тасжолы кеңейтілуі мүмкін

3.10.2019, 03:34 198

 

Облыс әкімі Даниал Ахметов Шемонаиха ауданына жасаған іссапары барысында Артемьев шахтасының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Екінші кезек» – бұл KAZ Minerals компаниясының инвестициялық жобасы. Мақсаты – шикізат қоры азайып бара жатқан учаскелерден жаңа учаскелерге өту. Қазіргі уакытта жер астында көлденеңінен күрделі қазба жұмыстары жүріп жатыр.

"Шығыстүстімет" ЖШС-нің басқарма төрағасы Ильсур Даутов облыс әкіміне желдету оқпаны ретінде қолданылатын тік шахтаның құрылысы туралы баяндады. Айтуынша, әзірге мердігер ұйым жер бетіндегі дайындық жұмыстарын атқарып жатыр.  Жоспар бойынша 2019 жылы өндірісті кеңейту шығындары 70 млн. долларды құрайды  және  2020-2022 жылдар аралығында жыл сайын тағы 60 млн. доллар қажет етеді екен.

Сондай-ақ Ильсур Даутов кәсіпорынның шахтасы мен фабрикасының арасына бір жол, Ресейге қарай кен артқан жүк көліктері қатынауы үшін тағы бір жол салу жоспарда барын атап өтті. Әлбетте, шахта Үбі өзенінің сол жағалауында болғандықтан, екі бағытта екі көпір салмақ. Айтуынша, фабрика-шахта жолы Шемонаиханың батысында, ал шахтадан Ресейге бағытталған жол аудан орталығының шығысында болады.

Бірақ облыс әкімі Даниал Ахметов жүк көліктерін Шемонаиха-Семей тасжолымен-ақ жүргізуге болатынын айтты. Сонда кәсіпорын шахтадан фабрикаға қатынайтын бір ғана көпір салады. Және де жаңа жол төсегеннен гөрі, дайын жолды кеңейтіп, жөндеу жүргізу шығын мөлшерін анағұрлым азайтады. Бұл іс халыққа да, кәсіпорынға да тиімді болатынын атап өтті аймақ басшысы.

Осы тұста түсіндіре кеткен жөн, қазіргі қолданыстағы көпір апаттық жағдайда тұр. Ауыр салмақты көтермейді. Бұл облыс әкімі мен "Шығыстүстімет" ЖШС басқарма төрағасының әңгімесінде айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив