Енді азаматтар телефон нөмірін тіркеу үшін биометриядан өтеді
Фото: depositphotos.com
Енді Қазақстанның барлық азаматы ұялы байланыс қызметтерін алу үшін биометриядан өтуге тиіс, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Азамат абонеттік нөмірді тіркеп, оператормен байланыс орнату үшін бет-жүзін сканерлейді.
Цифрлық даму министрлігі мамандарының мәлімдеуінше, бүгінде абоненттік нөмірлер арқылы адамның қаржысына қол сұғатындар көбейген. Аталмыш жоба алаяқтықтың алдын алмақ. Сондай-ақ интернетке кіру жүйесіне де өзгеріс енгізіледі. Егер азамат интернетті пайдаланғысы келсе, жеке басын куәландыратын құжатын тіркейді.
Оқи отырыңыз