Өскемендіктер Конституциясы күні мен қала күнін қатар тойлап жатыр
Бүгін облыс орталығында ҚР Конституциясы күні мен Өскемен қаласының 304-ші туған күні тойлануда. Қаладағы мерекелік шаралар басталып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Дәл қазіргі сәтте республика алаңында «Караоке» ән жарысы, спорттық ойындар мен «Шығыс дәмі» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр.
Сағат 11.00-де «Шығыс кәдесыйлары» қолөнершілер көрмесі, мерекелік сауда-саттық, ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталады. «Бал жәрмеңкесі» мен «Күз тартуы» жәрмеңкесінде қала тұрғындары мен қала қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, бал мен өзге де азық-түлікті қолжетімді бағада сатып ала алады.
Дәл осы жерде ҚР Конституция күніне арналған концерт басталады.
Ал кешкі сағат 18.00-де қазақстандық және шетелдік өнер жұлдыздарының қатысуымен би кеші өтеді, артынша отшашу болады.
Фото: Махаббат Ахметжанова